Атышулы Алика Мұхамадиеваға прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

1294
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NzpJIKMmbjEtXsiDJ1wpmiv5jdFpofvCIIExk2jh.jpg

Қарағандыда қоғам назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгін мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Прокурордың айтуынша, Мұхамадиева өз кінәсін мойындағанымен, іс қоғамда кең резонанс тудырған. Сондықтан жазаны нақты бас бостандығынан айыру түрінде белгілеу қажет деп есептейді.

Айыпталушы сот барысында тағы да жұртшылықтан кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Тыңдалым ашық форматта өтіп жатыр, қоғамның назары – соттың алдағы шешімінде.

Еске салайық, жаз айларында Мұхамадиеваның Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары қоғамда үлкен дау тудырған еді. Пайдаланушылардың шағымдарынан кейін полиция тексеріс бастап, 2025 жылдың шілдесінде Мұхамадиева қамауға алынған.

Алғашқыда ол кінәсін жартылай мойындап, жазбалары контекстен үзіп алынғанын айтқан. Кейін көпшілік алдында кешірім сұрап, ешкімнің намысына тию ниеті болмағанын мәлімдеген.

Қазан айында іс сотқа жолданып, тыңдалым басталған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler