Ондаған мұрагердің арасында. Назарбаевтың мүліктерін бөлу басталды

1117
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QV9FGHxYT26m4un0nzzPUSkVfxbuvbPofDirRaex.jpg

Болат Әбішұлы Назарбаевтың мүлкін бөлу процесі басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Beksport-қа сілтеп.

БАҚ беттерінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі, кәсіпкер Болат Әбішұлы Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты оның артында қалған мүлікті бөлу процесі ресми түрде басталғаны хабарланды.

Ресми деректерде тараған ақпаратқа сәйкес, мұрагерлік іс 2024 жылғы 3 қаңтарда №1/2024 нөмірімен нотариус Б.Қ. Исабаевтың бастамасымен ашылған. Бұл іс бойынша Болат Назарбаевтың туыстары мен жақындары мұрагерлік құқығын алу үшін өтініш берген.

Мұрагерлікке қатысты өтініштер заңға сәйкес бірлесіп жиналған мүліктің үлесін бөлу және міндетті үлеске ие болу құқығын қамтиды. Өтініш білдіргендер арасында Болат Назарбаевтың бірнеше некеден туған ұл-қыздары мен әйелі бар. 

Нақтырақ, 1983 жылы туған Нұрбол Болатұлы Назарбаев өсиет бойынша мұрагерлік құқығын алу үшін өтініш берген. "Жұбайы" деп танылған Динара Кемелханқызы Назарбаева некеде бірге алынған мүліктің 1/2 үлесін бөлуге өтініш түсірген.

Одан бөлек, заң бойынша мұраның міндетті үлесіне өтініш берген он үш баланың бар екені айтылды.

Олардың қатарында 2002 жылы туған Ханболат Болатұлы, 2003 жылы туған Альбина Болатқызы, 2010 жылы туған Жанель Болатқызы, 2012 жылы туған Болатұлы Болатхан, 2013 жылы туған Елнұр және Томирис, 2014 жылы туған Болат Болатұлы, 2016 жылы туған Акбар мен Аруназ, 2018 жылы туған үш бала Еркежан Болатқызы, Нұрбану Болатқызы, Хантөре Болатұлы мен 2021 жылы туған Мұхаммед Болатұлы Назарбаев бар.

Айта кетейік, ҚР бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Ол 2023 жылдың 13 қарашасында 70 жасында Алматы қаласындағы ауруханада өмірден өтті.

Оның артында қалған мұраның нақты көлемі мен құрамы әзірге жарияланған жоқ. 

Yorumlar
Diğer Haberler