Димаштың Қазақстанда түсірген туындысы Қытайда көрсетілді

1153
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UYhhV9cUDFddPqsCV1uEXzgIaIq2gxEAU0PtWWbv.jpg

Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасы Қазақстанның ең көрікті туристік орындарында түсірілген бейнені көрсетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Voice Beyond Horizon” атты жаңа тележобаның бейнеролигі Қазақстанда түсірілген. Онда елдің бай табиғи және мәдени мұрасын таныстырып, туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге көрсету көзделген.

Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен және Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесіп жүзеге асты.

2025 жылдың қыркүйегінде түсірілім тобы мен қатысушылар Қазақстанның өңірлерін аралап, 7436 шақырымнан астам жол жүріп өтті. 22 күндік сапар барысында олар еліміздің табиғи және мәдени ескерткіштерімен танысқан.

Түсірілімге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің танымал әртістері қатысты.

Жоба барысында Ұлы Жібек жолының бойындағы Түркістан, Маңғыстаудағы Бозжыра мен Каспий жағалауы, Алматы өңірінің Қайыңды көлі, Саты ауылы, Қапшағай су қоймасы, Ақмола облысындағы Көбейтұз көлі мен Бурабай сынды бірегей табиғи локациялар қамтылды.

“Voice Beyond Horizon” жобасы 2026 жылы Hunan TV телеарнасында көрсетіледі.

Жобаны жүзеге асыруға Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, Туризм және спорт министрлігі, “Жолаушылар тасымалы” АҚ және өңірлік әкімдіктер қолдау көрсеткен.

Yorumlar
Diğer Haberler