Хиджаб киюден бас тартқаны үшін ата-анасы қызды шлангымен ұрып, нәжіс толы суға батырған

1553
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hNc3VQo7ng6Qo8rRKi6llD9YBixgPbNLhwRyeaMu.webp

Бішкекте 20 жастағы қыз ата-анасының хиджаб киюге мәжбүрлеуінен туындаған жүйелі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы құқық қорғаушыларға шағымданды. Бұл ақпаратты «Сезім» кризистік орталығы растады, деп хабарлайды "Адырна".

Қыздың айтуынша, оның ата-анасы оған ұзақ уақыт бойы күш көрсетіп келген. Ол бостандығының шектелгенін, үйден шығуына және оқуына тыйым салынғанын, телефонның тартып алынғанын жеткізді.

«Мен хиджаб кимеймін деп айтсам, ата-анам маған жын кіріп кеткен деп ойлайды. Соңғы жылы олар діни фанатизмге бет бұрып кетті», – дейді жәбірленуші.

Қыздың сөзінше, оны шлангымен ұрған, сондай-ақ лас, нәжіс аралас сұйықтыққа мәжбүрлі түрде батырған. Мұнымен қоса, оны молдаға бірнеше рет апарып, «жын шығару» рәсімдерін жасап отырған.

Қазіргі уақытта жәбірленуші «Сезім» дағдарыс орталығында психологиялық және әлеуметтік көмек алып жатыр. Орталық өкілдері ата-анасымен де сөйлескен.

Жағдай қоғамның назарын аударған соң, ата-анасы қызға хиджаб кимеуге рұқсат бергені хабарланды. Дегенмен құқық қорғаушылар бұл істі бақылауда ұстап отыр.

Бұл жағдай Қырғызстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық, мәжбүрлі діни талаптар және радикал көзқарастардың күшеюі мәселелерін тағы да күн тәртібіне шығарды.

Құқық қорғаушылар жастардың діни қысымға ұшырауы жиілеп келе жатқанын, мұндай жағдайлар көбіне отбасында жасырын қалып қоятынын атап өтті.

Оқиға бойынша тексеру жалғасып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler