Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

374
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6UmZhgnT45KplU0JvesHsQKJPPt1ZttUVuE6xklk.jpg
Бүгін, 24 қараша күні Акордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алты мемлекеттен келген төтенше және өкілетті елшілердің сенім грамоталары табыс етілді, деп хабарлайды "Адырна".

Ресми ақпаратқа сәйкес, сенім грамоталарын келесі елдердің елшілері берді:

  • Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки;
  • Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев;
  • Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо;
  • Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд;
  • Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве;
  • Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, "Заң және тәртіп" қағидатына негізделгенін айтты.

Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Yorumlar
Diğer Haberler