Трамп Мәскеу мен Киевке арнайы өкілдерін жіберді

776
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AC4fy3Ir5XS7gLpwxs4GuxfRk2ur3b4ZWIT5aMnT.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт жоспардың соңғы нұсқасын келісу үшін арнайы өкілдерін Мәскеу мен Киевке жібергенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Трамп өзінің тапсырмасымен Стив Уиткоффтың Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі тиіс екенін, ал армия министрі Дэн Дрисколлдың Украина өкілдерімен келіссөз жүргізу үшін Киевке аттанатынын айтты.

«Біз вице-президент Джей Ди Вэнспен, мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен, әскери министр Пит Хегсетпен және Ақ үй әкімшілігінің басшысы Сьюзи Уайлспен бірге барлық прогресті бақылап отырамыз», — деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге асық екенін айтты. Алайда мұндай кездесу соғысты тоқтату жөніндегі келісім толық дайын болғанда немесе әзірлеу жұмыстары соңғы кезеңге жеткенде ғана өтетінін атап өтті.

«Соңғы айда 25 мың сарбаз қаза тапты. АҚШ әзірлеген 28 тармақтан тұратын бастапқы жоспар екі тараптың ұсыныстарымен қайта өңделді, қазір тек бірнеше даулы тармақ қалды»,-деді ол.

Бұған дейін Трамп журналистерге жоспардың 28 тармақтан 22 тармаққа қысқартылғанын хабарлаған. Сондай-ақ бастапқы ұсынылған құжаттың «жай ғана карта» болғанын және «Ресей үшін тым тиімді» деп есептелгенін айтқан.

Бастапқы нұсқаға сәйкес, Украина кейбір жерлерден бас тартып, әскер санын қысқартуы тиіс еді. Сондай-ақ НАТО-ға мүше болу идеясынан біржола бас тартуы қажет болатын. Ал Ресейге санкциялардың жұмсаруы және G8 форматына қайта оралу мүмкіндігі қарастырылған.

Yorumlar
Diğer Haberler