Түркіменстан президентінің төртінші кітабы жарыққа шықты

89
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Lli1XBMp4wk3NyylU7YjGNtQis23oLr50lTvxnXw.jpg

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов 6 желтоқсанда елдің тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған үкімет отырысында өзінің жаңа кітабының жарық көргенін жариялады. Мемлекет басшысы бұл еңбекті халқына арнағанын айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Жаңа кітап «Türkmenistanyň Bitaraplygy – parahatçylygyň we ynanyşmagyň aýdyň ýoly» («Түркіменстанның бейтараптығы – бейбітшілік пен сенімнің жарқын жолы») деп аталады. Президенттің айтуынша, онда елдің бейтараптық саясатының маңызы, халықаралық тұрақтылық пен сенімге үлес қосу мақсатындағы тарихи бастамалар, сондай-ақ соңғы жылдардағы ұлттық даму жетістіктері қамтылған.

Бұл еңбек – Сердар Бердімұхамедовтың авторлығымен шыққан төртінші кітап.

Президенттің бұған дейінгі еңбектері:

  • 2023 жылғы желтоқсан – алғашқы кітабы «Ýaşlar – Watanyň daýanjy» («Жастар – ел тірегі») жарық көрді. Онда түрікмен жастарының жетістіктері баяндалған.
  • 2024 жылғы наурыз – «Änew – müňýyllyklardan gözbaş alýan medeniýet» («Анау – мыңжылдықтар тереңінен бастау алатын мәдениет») кітабы шықты. Шығарма Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Анау қаласына арналған.
  • 2024 жылғы желтоқсанның соңы — «Magtymguly – dünýäniň akyldary» («Махтұмқұлы — әлемнің данышпаны») кітабы жарияланды. Ол түркімен классигі Махтұмқұлы Фраги мұрасына арналған.

Түркіменстанда президенттердің кітап жазуы – бұрыннан қалыптасқан дәстүр.

Алғашқы президент Сапармұрат Ниязов («Түрікменбашы») «Рухнама» атты екі томдық еңбегін жазып, оны «халықтың рухани конституциясы» деп таныстырған. Сонымен қатар патриоттық және лирикалық тақырыптарда бірнеше поэтикалық жинақ шығарған.

Екінші президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов 2007–2024 жылдар аралығында 60-дан астам кітап жазған. Оның еңбектері медицина, дәрілік өсімдіктер, ақалтеке жылқылары, алабайлар, саясат, энергетика, мәдениет және тәуелсіздік тақырыптарын қамтыды.

Yorumlar
Diğer Haberler