Тоқаев энергетика саласын дамытуға үлес қосқан бір топ азаматты марапаттады

246
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/o9wPsNikEuIbbpRuGiAmZlSm2RFOgwfIWhofxnf5.jpg

Бүгін, 17 желтоқсан күні Ақордада өткен салтанатты жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін»,-деді президент.

Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да тиісті көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

«Еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна. Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту  үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық»,- деді ол.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

«Отан» орденімен:

Әбітаев Есберген Әбітайұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;

«Парасат» орденімен:

Атақұлов Ермаханбет Тиллабекұлы – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы;

Сүлейменов Серік Жүсіпұлы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қызылорда облысы;

«Құрмет» орденімен:

Асрепов Миржан Ғұмарұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы;

Бузав Әбжәлі Мәуленұлы – «Жылу» МҚК шебері, Түркістан облысы;

Қожин Мұрат Қабиденұлы – еңбек ардагері, Ақмола облысы;

Нұрмұханбетов Ержан Әбитайұлы – «Талдықорған акционерлік электр жүйелерін тасымалдау компаниясы» АҚ аға диспетчері, Жетісу облысы;

Рау Владимир Александрович – еңбек ардагері, Павлодар облысы;

Хван Александр Федорович – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:

Вашкель Иван Вацлавович – «КЕGОС» АҚ «Ақмола жүйералық электр желілері» филиалы Петропавл АЭЖ «Мүсірепов» 220кВ-КС электр слесары, Солтүстік Қазақстан облысы;

Есжанов Амандық Оразғалиұлы – «МАЭК» ЖШС 1-ЖЭО слесары-жөндеушісі, Маңғыстау облысы;

Жамалақов Қанатбек Ерділдаұлы – «Жамбыл электр желілері» ЖШС Мойынқұм АЭЖ шебері, Жамбыл облысы;

Колесников Сергей Викторович – «Текелі энергокешені» ЖШС электр слесары, Жетісу облысы;

Сейсекенов Қайырғали Жұмаұлы – «Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы;

Ысқақ Айтжан Бахытжанұлы – «Энергосистема» ЖШС кабелшісі-көлік жүргізушісі, Ақтөбе облысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Азанғұлов Қуаныш Орынбайұлы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС слесары, Шығыс Қазақстан облысы;

Ақбаев Жандарбек Садырұлы – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері, Қызылорда облысы;

Бекмағанбетов Фазылбек Қайлыұлы – «KEGOC» АҚ 220кВ КС электр слесары, Қостанай облысы;

Бернгардт Ольга Владимировна – «Қарағанды Жарық» ЖШС Бұқар Жырау АЭЖ кіші станциясының шебері;

Волков Дмитрий Геннадьевич – «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС №1 желілік ауданының электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Солтүстік Қазақстан облысы;

Гибадулин Равиль Сибагатуллович – «Астана-Энергия» АҚ қазандықтарының машинисі, Астана қаласы;

Елеманова Әлия Аликқызы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы;

Калинина Татьяна Васильевна – «Kazakhmys Energy» ЖШС «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС бу турбиналарының машинисі, Қарағанды облысы;

Кенжеев Абдуәли Бұрханұлы – «Шардара СЭС» АҚ гидротехникалық жабдықтарын қараушысы, Түркістан облысы;

Қапез Ерқанат Жандарбекұлы – «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ тепловоз машинисі, Павлодар облысы;

Қаратаев Болатбек Жәнібекұлы – «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК операторы;

Мелентьев Андрей Иванович – «Шығыс Жылу» АҚ Үлбі АЭЖ электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Шығыс Қазақстан облысы;

Темникова Евгения Геннадьевна – «Талғар Жылу» МКК бас инженері марапатталды.

Yorumlar
Diğer Haberler