Бүгін, 17 желтоқсан күні Ақордада өткен салтанатты жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін»,-деді президент.
Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да тиісті көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.
«Еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна. Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық»,- деді ол.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.
«Отан» орденімен:
Әбітаев Есберген Әбітайұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;
«Парасат» орденімен:
Атақұлов Ермаханбет Тиллабекұлы – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы;
Сүлейменов Серік Жүсіпұлы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қызылорда облысы;
«Құрмет» орденімен:
Асрепов Миржан Ғұмарұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы;
Бузав Әбжәлі Мәуленұлы – «Жылу» МҚК шебері, Түркістан облысы;
Қожин Мұрат Қабиденұлы – еңбек ардагері, Ақмола облысы;
Нұрмұханбетов Ержан Әбитайұлы – «Талдықорған акционерлік электр жүйелерін тасымалдау компаниясы» АҚ аға диспетчері, Жетісу облысы;
Рау Владимир Александрович – еңбек ардагері, Павлодар облысы;
Хван Александр Федорович – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
Вашкель Иван Вацлавович – «КЕGОС» АҚ «Ақмола жүйералық электр желілері» филиалы Петропавл АЭЖ «Мүсірепов» 220кВ-КС электр слесары, Солтүстік Қазақстан облысы;
Есжанов Амандық Оразғалиұлы – «МАЭК» ЖШС 1-ЖЭО слесары-жөндеушісі, Маңғыстау облысы;
Жамалақов Қанатбек Ерділдаұлы – «Жамбыл электр желілері» ЖШС Мойынқұм АЭЖ шебері, Жамбыл облысы;
Колесников Сергей Викторович – «Текелі энергокешені» ЖШС электр слесары, Жетісу облысы;
Сейсекенов Қайырғали Жұмаұлы – «Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы;
Ысқақ Айтжан Бахытжанұлы – «Энергосистема» ЖШС кабелшісі-көлік жүргізушісі, Ақтөбе облысы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Азанғұлов Қуаныш Орынбайұлы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС слесары, Шығыс Қазақстан облысы;
Ақбаев Жандарбек Садырұлы – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері, Қызылорда облысы;
Бекмағанбетов Фазылбек Қайлыұлы – «KEGOC» АҚ 220кВ КС электр слесары, Қостанай облысы;
Бернгардт Ольга Владимировна – «Қарағанды Жарық» ЖШС Бұқар Жырау АЭЖ кіші станциясының шебері;
Волков Дмитрий Геннадьевич – «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС №1 желілік ауданының электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Солтүстік Қазақстан облысы;
Гибадулин Равиль Сибагатуллович – «Астана-Энергия» АҚ қазандықтарының машинисі, Астана қаласы;
Елеманова Әлия Аликқызы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы;
Калинина Татьяна Васильевна – «Kazakhmys Energy» ЖШС «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС бу турбиналарының машинисі, Қарағанды облысы;
Кенжеев Абдуәли Бұрханұлы – «Шардара СЭС» АҚ гидротехникалық жабдықтарын қараушысы, Түркістан облысы;
Қапез Ерқанат Жандарбекұлы – «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ тепловоз машинисі, Павлодар облысы;
Қаратаев Болатбек Жәнібекұлы – «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК операторы;
Мелентьев Андрей Иванович – «Шығыс Жылу» АҚ Үлбі АЭЖ электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Шығыс Қазақстан облысы;
Темникова Евгения Геннадьевна – «Талғар Жылу» МКК бас инженері марапатталды.