Бектенов әкімдерге азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды тапсырды

969
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Vgc6McOQEt3tnVhkOHARDtw1GJCdHIveG6bxKkdw.jpg

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфляцияны төмендету бойынша алға қойған міндеті аясында өңір басшыларының назарын осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігіне аударды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, соңғы екі айда инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеген. Алайда, кейбір өңірлерде, атап айтқанда, Ұлытау, Ақмола және Атырау облыстарында керісінше, өскені байқалады. Басты себеп – азық-түлік бағасының қымбаттауы болып отыр.

«Өңір әкімдерінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жеткілікті құралдар бар. Тек осы бағыттағы жұмысты күшейту керек»,- деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ Олжас Бектенов салалық ведомстволар мен әкімдіктерге ет өнімдері бағасын тежеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Азық-түлік инфляциясының өсуіне ет және ет өнімдері бағасының үлесін ескере отырып, Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер аталған өнімдердің бағасын тежеуге ерекше назар аударуы қажет. Сонымен қатар Астана қаласындағыдай арзандатылған сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін бүкіл ел аумағында кеңінен қолданған жөн»,- деп атап өтті ол.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler