Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады

412
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lyxOtun835peA4RZrsCanFVJTbuseZ6WrYSH0nBJ.jpg

ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты  Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«16-18 ақпанда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады»,-делінген хабарламада.

Комитет тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Yorumlar
Diğer Haberler