ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«16-18 ақпанда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады»,-делінген хабарламада.
Комитет тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Ұқсас жаңалықтар