Ресей Қазақстаннан бензин жеткізуді сұрады

232
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zZ76k7CJKCbKUZFN0EVKu3Pq8A2EaYP1GjxfxUmH.jpg

Ресей Қазақстанға шамамен 50 мың тонна АИ-92 маркалы бензин жеткізу туралы өтініш жасағаны белгілі болды. Бұл туралы Reuters агенттігі мұнай-газ саласындағы дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Агенттіктің мәліметінше, Ресейде соңғы уақытта бірқатар мұнай өңдеу зауыттарында жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кейбір өндіріс орындарының жұмысы уақытша тоқтаған. Соның салдарынан елдегі бензин өндірісі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 25 пайызға төмендеген. Ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алу үшін Ресей көрші мемлекеттерден қосымша жанармай жеткізу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Алайда Қазақстан билігі әзірге мұндай өтініштің түскенін растаған жоқ. Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей тарапынан бензин жеткізуге қатысты ресми сұраныс келіп түспегенін мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, Ресейдің Қазақстанға осындай өтінішпен жүгінуі алғаш рет емес. Бұған дейін, 2024 жылдың сәуір айында Reuters агенттігі Ресейдің Қазақстаннан 100 мың тонна бензин көлемінде төтенше резерв дайындауды сұрағанын хабарлаған болатын. Ол кезде мұндай шара Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған дрон шабуылдарының салдарын азайту мақсатында қолға алынғаны айтылған еді.

Қазіргі уақытта екі ел арасындағы бензин жеткізу мәселесіне қатысты нақты келісімнің бар-жоғы ресми түрде расталған жоқ. Дегенмен бұл жағдай Ресейдегі жанармай өндірісінің ахуалы мен аймақтағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне назар аудартты.

Пікірлер