Шетелден мыңнан астам азаматтың мәйіті елге жеткізілген

114
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/toESf5WQB060UgrxPXH84GCiKjIe4z4FDWEQo5Db.webp

Душанбенің халықаралық әуежайы шетелде қайтыс болған Тәжікстан азаматтарының 1585 мәйітін қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп. 

Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 430-ға көп.

Әуежай қызметкерлері мәйіттердің нақты қай елдерден жеткізілгенін айтқан жоқ. Алайда БАҚ болжамынша, көбісі Ресейден келген. Себебі онда Тәжікстанның көп мигранттары тұрады. Көбінесе өлім жағдайлары құрылыс алаңдарында болған апаттар, жол-көлік оқиғалары, аурулар немесе қылмыстар салдарынан тіркеледі.

Мысалы, 11 қаңтарда Ресейде газбен уланудан қайтыс болған үш адам Тәжікстанға жеткізілгені хабарланды. Олар Кушониён ауданының Шедруд ауылында жерленді. Бұдан бөлек, өткен жылдың желтоқсан айында Мәскеу облысында 10 жастағы Кобилджон Алиев қаза тапқан оқиға қоғамда резонанс тудырған. Қылмыс объективті және әділ түрде тергелу үшін Тәжікстан билігі ресейлік құқық қорғау органдарына үндеу жасаған.

БАҚ дерегінше, республикадағы басқа халықаралық әуежайларға қатысты статистика берілмеген.

Yorumlar
Diğer Haberler