Ресей "диверсия" күдігімен 2 қазақстандықты ұстады. СІМ үнсіз

299
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xL2JqEj9NbuZTO5DRpmCMcGanlKzjDgxQUZprbHr.webp

Ресейде диверсия жасады деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Ленинград облысының Ломоносов аудандық соты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тергеу мәліметі бойынша, 2006 жылы туған Тараз қаласының тумалары «кураторлардың» нұсқауы бойынша Ломоносов ауданындағы ұялы байланыс операторының базалық станциясының коммутаторын өртеп жібеген. Қылмысқа қатысушылар бұл іске материалдық қиын жағдайға және заңды табыс көзінің болмауына байланысты барған. Өрт қою үшін оларға 40 мың рубль сыйақы уәде етілген.

Фигуранттардың өрт қою орнының маңынан таксимен қашуға әрекет жасаған кезде ұстағалғаны айтылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 281-бабы, 2-бөлімі, «а» тармағы бойынша мұндай құқықбұзушыларға 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Қазақстан азаматтары бұған дейін де Ресейде осы бап бойынша сотталған. 2024 жылғы шілдеде Мәскеу қалалық соты Александр Абрам мен Эдуард Бурдиловты теміржолдағы "диверсия үшін" 13 жылға колонияға қамаған.

Әзірге Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.

Yorumlar
Diğer Haberler