Ыстанбұлда танымал ресейлік топтың концерті тоқтатылды

232
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UyZukRE8fAdfyLBH9uAHPgwI15j0ddNAevnfpHEU.jpg

Ресейлік Slaughter to Prevail мен польшалық Behemoth тобының Түркиядағы концерттері әртістердің бейнелері мен сахналық образдарына байланысты тоқтатылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Екі концерт те Ыстанбұлдағы Zorlu PSM өнер орталығында өтуі тиіс еді. Ресейлік музыканттар сахнаға 10 ақпанда шығуы керек болса, польшалық топ келесі күні өнер көрсетеді деп жоспарланған.

Шешімнің қабылдануына жергілікті белсенділер тарапынан болған жағымсыз пікірлер себеп болған.

«Олардың образдары біздің қоғамдық құндылықтарымызға сай келмегендіктен, теріс реакция тудырды. Zorlu PSM аумағында концерттер, фестивальдер және басқа да іс-шараларды өткізуге екі күнге тыйым салынады», — деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Алаң өкілдерінің айтуынша, билет сатып алған көрермендерге қаражат стандартты тәртіп пен шарттар бойынша қайтарылады.

Yorumlar
Diğer Haberler