Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ИСЕСКО тізіміне енді

240
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iCUVYhRfTUyD6XJhTd7m9k25kvVGaGppz1E7o9ne.jpg

Қазақстанның мәдени бірегейлігін әлемге танытатын маңызды қадам ретінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ресми түрде ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары тізіміне енді. Бұл шешім 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында қабылданды, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің пікірінше, ою-өрнек – ұлттық мәдениетіміздің негізгі этномәдени коды, тарихи сабақтастығымыз бен бірегейлігімізді нығайтуға ықпал ететін маңызды элемент. Оның ИСЕСКО тізіміне енуі Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі үлкен жетістік болып саналады.

"Ою-өрнектің ИСЕСКО-ның беделді тізіміне енуі – Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам.
Бұған дейін, яғни 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны қосылған болатын.
Президенттің Ұлттық құрылтай отырыстарында берген тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанның мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО және ИСЕСКО тізімдеріне енгізу жұмысы жалғасатын болады", - деп жазды Ерлан Қарин.
Yorumlar
Diğer Haberler