Жұманғарин инфляцияның негізгі себебін атады

263
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DNSKZ5vpkaASXYZndNEf1aicEYDgENuZzFN8wsLT.jpg

Отандық өндірістің бірқатар негізгі тауарының тапшылығы – инфляциялық қысымның басты себептерінің бірі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол базалық тауарлар тапшылығын жоюға баса назар аударылатынын мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі уақытта азық-түлік секторында 12 бағыт және азық-түлікке жатпайтын секторда 24 бағыт айқындалған. 2030 жылға дейін «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы шамамен $100-120 млрд сомаға өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыру жоспарлануда.

«Ішкі нарықты отандық тауарлармен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде инфляциялық қысымның негізгі себептерінің бірі – тұтыну және тұтыну емес сегменттерде отандық өндірістегі бірқатар базалық тауарлардың тапшылығы. Біздің мақсат – ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету. Экономикалық өсудің проактивті саясаты Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, экономиканы индустрияландыру мен әртараптандырудың негізгі құралына айналады»,- деді Серік Жұманғарин.

Yorumlar
Diğer Haberler