Заң мен тәртіп: Оралда әлеуметтік әріптестік форумы өтті

224
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AK8e0Edo19YoD25zaUwPuv5TStIzNx6Lqf5ROO9O.jpg

Оралда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік әріптестік саласындағы ынтымақтастық форумы ұйымдастырылды. Іс-шара өңірдегі еңбек қатынастарын тұрақтандыру және еңбек дауларының алдын алу мәселелеріне арналды.

Форумға облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, «КПО Б.В.» компаниясының бас директоры Марко Марсили, Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Форумда еңбек қатынастары саласындағы ахуал кеңінен талқыланып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқығын қорғау және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бағытындағы нақты іс-шаралар туралы баяндалды.

Облыс әкімінің орынбасары өңірде еңбек қауіпсіздігін қамтуға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Бүгінде аймақтағы 183 кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізіп, «Vision Zero» тұжырымдамасы мен «Халықтық бақылау» жобалары қарқынды жүзеге асырылуда. Еңбек нарығын цифрландыру бойынша электрондық еңбек шарттарын есепке алу жоспары 94%-ға орындалған. Былтыр облыс бойынша еңбек заңнамасына қатысты 203 өтініш тіркеліп, тиісті тексерулер нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша нұсқамалар берілді. 
- Біз үшін жалақы берешегін болдырмау – басты басымдық. Қазіргі таңда бірқатар кәсіпорындағы берешекті өтеу үшін заң аясында шаралар қабылдануда. Бұл мәселелер облыс әкімдігі жанындағы үшжақты комиссияның тікелей бақылауында, – деді Қайыржан Меңдіғалиев.

Форум қорытындысында әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек дауларының алдын алу және еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленісті төмендету бағытында төртжақты келісімге қол қойылды.

Құжат еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Yorumlar
Diğer Haberler