Философтың баласы. Франциялық Әуелбеков әлемдік сән үлгісін танытып жүр

172
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XMEIyNaZlLZ1LkF58VbXWjdYWypVNHBZ5hYtZlQ8.webp

Франциялық қазақ моделі Пьер Әуелбеков әлемнің ең әйгілі сән үйі Balenciaga-ның көрсетілімдерінде өнер көрсетуде. Пьер осы арқылы Қазақстан атын халықаралық сән сахнасында танытып, сән индустриясындағы танымал брендті өз еліміздің мәдениетімен байланыстыруда.

Ол Balenciaga-ның заманауи және сәнді киімдерін әлемдік деңгейде көрсетіп жүр.

Пьер Әуелбеков – Қазақстанның белді тұлғаларының бірі Сейітқасым Әуелбековтың ұлы. Сейітқасым Әуелбеков – Франциядағы Қазақстан азаматтарының ассоциациясын құрушылардың бірі, сондай-ақ отанымыздағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлкен үлес қосқан адам, мамандығы –  философ. Пьердің анасы — қазақ жылқылары мен биік таулы жайылымдардың тарихы туралы бірнеше кітаптың авторы және әлемге әйгілі ғалым.

Balenciaga – сән индустриясында 1919 жылы испандық дизайнер Кристобаль Баленсиага негізін қалаған сән үйі. Бұл бренд Парижде орналасып, қазір француздық Kering тобының құрамында. Balenciaga жоғары сән әлемінде үлкен ықпалы бар бренд саналады. Кезінде бірнеше рет жабылып, қайта ашылғанымен, әрдайым әлемнің ең ықпалды сән үйі болып қалды.

Balenciaga сән үйінің креативті директоры 2015 жылдан 2025 жылға дейін болған грузин дизайнері Демна Гвасалия көпшіліктің ықыласына бөленді. Ол өзінің ерекше, заманауи көзқарасы мен жаңашыл идеяларымен сән әлемінде айтарлықтай өзгерістер енгізді. Алайда 2025 жылдың наурыз айында Демна Гвасалия Gucci брендінің шығармашылық директоры қызметіне ауысатындығы белгілі болды.

Пьер Әуелбеков сән әлемінде танылған алғашқы қазақ моделі емес. Бұған дейін Францияда тағы бір қазақстандық модель Арман Смайл өз талантымен көзге түскен болатын. Арман Смайл қазіргі таңда танымал тәуелсіз фотограф Луи Тераномен жұмыс істей бастады. Осылайша, Қазақстанның жас модельдері өз таланттарын әлемге танытып, халықаралық деңгейде табыстарға қол жеткізуде.

Yorumlar
Diğer Haberler