Жетісу облысында Алғыс айту күнін мерекелеу барысында құрт жасау бойынша рекорд орнатылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/470QGsSL9Bbfv11phmDD225EZMmDvmMMfgYVlv4U.jpg

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Талдықорғандағы Достық үйінде «Алғыс – бірлік бастауы» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Тағылымы терең бұл мереке қоғамдағы өзара сыйластық пен ризашылық құндылықтарын дәріптеп, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды көздеген маңызды рухани бастама болды.

Мерекелік жиын аясында көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған бастамалардың бірі – ұлттық тағам құрт дайындау арқылы Қазақстан бойынша КИнЭС рекордтар кітабына енуге бағытталған акция болды.

Шараға түрлі этнос өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері мен еріктілер белсенді қатысып, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін танытты. Нәтижесінде, небәрі 20 минут ішінде 30 өзге этнос өкілдерінің күшімен 4546 дана құрт дайындалып, Қазақстан бойынша алғаш рет осындай көрсеткішке қол жеткізілді. Осылайша, мерекелік іс-шара барысында КИнЭС рекордтар кітабына енетін тарихи нәтиже тіркеліп, жаңа рекорд орнатылды.

Мерекелік іс-шараның жалғасы ретінде ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сахна төрінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері өнер көрсетіп, әртүрлі этностардың ұлттық әндері мен билерін ұсыну арқылы мәдени әралуандықтың байлығын кеңінен паш етті. Бұл көріністер еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен өзара құрметтің нақты көрінісіне айналды.

Yorumlar
Diğer Haberler