Чехия және Словакия архивтерінен Алаш көсеміне қатысты деректер табылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DyP1vwaYV7QoanHp3SLFb5D3t6IlaiQ7tCuccUNq.webp

Чехия мен Словакия архивтерінен Әлихан Бөкейханға қатысты тың деректер табылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Алаш көсемінің туғанына 160 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда шетел архивтерінен Алашорда үкіметі мен чехословак корпусы арасындағы байланысқа қатысты құнды деректер анықталғаны хабарланды.

Қазақстанда Индржих Дворжактың 1921 жылы Прагада чех тілінде шыққан «U kirgizů» кітабының қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасы таныстырылды. Қазақша аудармасын жас зерттеуші Дінмұхаммед Байжұма жасаған, ал орысшаға Сұлтан Камалиден аударған.

Кітапта Әлихан Бөкейхан туралы естеліктер және Алашорда туралы деректер қамтылған.

Дінмұхаммед Байжұманың айтуынша, Дворжак кітабында Әлихан мен чехословак легионері арасындағы кездесулер туралы жазылған. 1918 жылы Омбыда өткен кездесуде Алаш көсемі легионерге: «Мен қазақ халқының тәуелсіздігін аңсаймын. Сіздер, чехтер, тәуелсіздікті қалай алсаңыздар, біз де азаттыққа солай ұмтылуға дайынбыз» – деді.

Yorumlar
Diğer Haberler