Ұлытау облысында тұрғындар үшін жеңілдетілген жәрмеңке өтуде

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xrObYvO4xXGB2ZqTWgCYgrpEBTmqs7dtDSkJQRfM.jpg

Ұлытау облысында тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Мұнда ет және ет өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, ұн және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен сатылды.

Тұрғындар қажетті өнімдерін нарықтағы бағадан төмен бағамен сатып алып, тиімді сауда жасау мүмкіндігіне ие болды. Қала тұрғындары мұндай әлеуметтік бастамалардың халық үшін маңызды екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Yorumlar
Diğer Haberler