Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды "Адырна".
Экс- президент Нұрсұлтан Назарбаев 228-құрылымдық сайлау учаскесіне барып, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауын жасады. Ол дауысын елордалық Астана Опера театры аумағындағы сайлау учаскесінде берді.
