Александр Герлиц Паралимпиада-2026 ойындарында төртінші орын алды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kh1FLFa1R0hNjDfCXM6kDU80W19pHsu1sdgbc094.jpg

Қазақстан спортшылары Италияда өткен 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарының соңғы жарыс күнінде өнер көрсетіп, парашаңғы жарысында жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Ерлер арасындағы 20 шақырымдық жеке парашаңғы жарысында («тұрып жарысу» санаты) Қазақстан атынан Александр Герлиц, Владислав Кобаль және Нұрлан Әлімов бақ сынады.

Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтижені Александр Герлиц көрсетті. Ол жеңімпаздан +2:24.3 уақытқа қалып, төртінші болып мәреге жетті және жүлдеге бір қадам ғана жетпей қалды.

Владислав Кобаль сегізінші орын алды (+3:46.6), ал Нұрлан Әлімов жарысты 16 орынмен аяқтады (+6:20.6).

Жарыстың барлық жүлдегерлері Қытай спортшылары болды.

2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары 15 наурызда аяқталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар:

  • биатлондағы спринттік қуу жарысында алтын;
  • парашаңғы спринтінде қола.

Екі жүлдені де ел қоржынына Ербол Хамитов салды.

Yorumlar
Diğer Haberler