Иранда Наурыз басталды, кіші Хаменеи жолдау арнады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NM0ITE926umypKlC0rSW9RZtIrgocIMOjBVjzZ3I.jpg

Иранның бұқаралық ақпарат құралдары  Иранның Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің Наурыз мерекесіне орай жолдаған үндеуін жариялады. Ол өз жолдауында елдің қазіргі жағдайына тоқталып, соңғы кезеңдегі оқиғаларды «үш соғыс» деп сипаттады, деп хабарлайды “Адырна”.

Хаменеи 2025 жылдың маусым айындағы 12 күндік соғысты, биылғы қаңтардағы ішкі наразылықтарды, сондай-ақ қазіргі уақытта АҚШ пен Израиль жүргізіп жатқан операцияларды атап өтті.

Сонымен қатар Хаменеи Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісіне тоқталып, кейбір көршілес елдерге жасалған шабуылдарға қатысты пікір білдірді.

«Түркия мен Оманға жасалған шабуылдарды Иранның қарулы күштері де, одақтас күштері де жасаған жоқ», – деп атап өтті. 

Ол бұл оқиғаларды «сионистік тараптың арандату әрекеті» деп сипаттады, яғни мұндай шабуылдар екі ел арасында түсініспеушілік пен шиеленіс тудыру үшін әдейі жасалуы мүмкін екенін айтты.

Жоғарғы көшбасшының пікірінше, мұндай әрекеттердің мақсаты — Иран мен көршілес елдер арасында алауыздық туғызу. Ол мұндай қауіп басқа мемлекеттерде де қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Сонымен бірге Хаменеи мұсылман әлеміндегі бірлікті нығайту қажеттігін атап өтіп, Пәкістан мен Ауғанстанды «мұсылман қауымының бөлінуіне жол бермеу үшін» татуласуға шақырды. Ол бұл бағытта қажетті қадамдарға баруға дайын екенін де жеткізді.

Жалпы алғанда, Жоғарғы көшбасшының бұл үндеуі Иранның ішкі тұрақтылығы мен аймақтық қауіпсіздікке қатысты ұстанымын көрсетіп, Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың күрделілігін тағы бір мәрте айқындады.

Иран мен Ауғанстанда Наурыз жаңа жылы астрономиялық көктеммен бірге басталады. Наурыздың басталуы әр жылы 19-22 наурыз арасына сәйкес келіп тұрады

Yorumlar
Diğer Haberler