Жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5pwKchy4GRMvaREWM9GxBnEY74e9C7bCwzcO16iS.jpg

Германияның Рейнланд-Пфальц жерінде жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып, ірі жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 23 наурыз күні кешке Инсхайм қаласы маңындағы теміржол өткелінде орын алған.

Deutsche Bahn компаниясына тиесілі RB53 бағытындағы аймақтық пойыз Францияның Висамбур қаласынан Германияның Нойштадт қаласына бағыт алған.

Жүк көлігі кептелісте баяу қозғалып, теміржол өткелінде тоқтап қалған. Сол сәтте жақындап келген пойыз машинисі шұғыл тежегішті басқанымен, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмаған.

Соқтығыс салдарынан жарылыс болып, өрт шыққан. Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алды. Одан бөлек, жолаушылар ауруханаға жеткізілген.

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті тұрғындардың бірі өртті сөндірмек болғанымен, жалын тым күшті болған. Ол зардап шеккен жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Алдын ала есеп бойынша, апаттан келген шығын бірнеше жүз мың еуроны құрауы мүмкін.

Yorumlar
Diğer Haberler