Қырғыз халқының тарихы 15 том болып жазылады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/t4walm78lHCKYQtn03m8uMIvThg0bx17s04pM0WF.jpg

Қырғызстанда қырғыз халқының тарихына арналған 15 томдық іргелі еңбектің жобасы бекітілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Президент жанындағы тарихи ғылымды дамыту жөніндегі комиссияның отырысы мемлекеттік хатшы Арсылан Қойшиевтің төрағалығымен өтті. Кездесу барысында басылымның құрылымы мен негізгі бағыттары бекітіліп, авторлар ұжымы мен қолжазбаларды дайындау мерзімдері айқындалды.

Сонымен қатар қатысушылар тарихи-мәдени мұраны дәріптеу мәселелерін де талқылады. Атап айтқанда, Бішкекте көне қырғыз жазба ескерткіштеріне арналған инсталляциялық кешен құру бастамасы қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Yorumlar
Diğer Haberler