Астаналық оқушы Гарвардқа мерзімінен бұрын оқуға түсті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XOvt9fL9wg4JcGAqywhoVrStAezOBpJr2XXhzMmU.jpg

Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Гарвард университетіне оқуға қабылданды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ол Advanced Placement бағдарламасы бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанған.

«Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық пен еңбекқорлық танытқан оқушы 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар оқушы SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық тестілерінен жоғары нәтиже көрсеткен.

Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Қытай тілін де оқып, осы бағытта емтихан тапсырған.

Оқушы мектепте ғылыми жобалармен айналысып, халықаралық бағдарламаға қатысқан. АҚШ профессорының жетекшілігімен зерттеу жүргізген.

Yorumlar
Diğer Haberler