Жарты ғасырдағы алғашқы сапар. Айды айналып ұшқандар Жерге оралды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/H4MHACUnoq85dJf6FlWHJT1EGinAlfN1o49l8EO0.png

АҚШ-тың Артемикс II миссиясы сәтті аяқталып, Орион ғарыш кемесі экипажымен бірге Жерге оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ғарышкерлер мінген капсула Тынық мұхитының Сан-Диего жағалауына жақын жерге сәтті қонған. Бұл — соңғы 50 жылдан астам уақыттағы Айға жасалған алғашқы пилоттық сапар.

Ғарышкерлердің Жерге оралуы миссияның ең күрделі кезеңдерінің бірі болды. Кеме атмосфераға шамамен 40 мың км/сағ жылдамдықпен кіріп, қатты қызған. БАҚ дерегінше, осы сәтте ауа үйкелісінен плазма қабаты пайда болып, шамамен алты минутқа байланыс үзілді.

DW дерегінше, атмосфераға кірер алдында қызметтік модуль ажыратылып, капсула жылу қалқанымен алға бағытталды. Дұрыс бұрышты сақтау экипаждың қауіпсіздігі үшін шешуші рөл атқарқан. Бұдан кейін ғарыш кемесі біртіндеп баяулап, алдымен тежегіш парашюттер ашылған. Кейін үш негізгі парашют іске қосылып, жылдамдық шамамен 30 км/сағ дейін төмендеді.

Капсула межеге қонғаннан кейін құтқару топтары дереу іске кірісті. Ғарышкерлерді арнайы қайықтармен қоршалып, тікұшақпен әскери кемеге жеткізілді. Экипаж алдағы уақытта медициналық тексеруден өту үшін Жердегі орталықтарға жіберіледі.

Миссияға Рид Уэйзмен, Виктор Гловер, Кристина Кох, Джереми Хансен есімді төрт ғарышкер қатысты. Олардың сапары шамамен 10 күнге созылып, адамзат тарихындағы ең алыс ұшулардың бірі болды.

Yorumlar
Diğer Haberler