Астанадағы «Хан Шатыр» сатыла ма?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3Sw69UGIi4r2vFuN84y6s3TLjelpiM2DZictX8zY.webp

Астанадағы ең танымал нысандардың бірі "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы сатылымға қойылды деген хабарландыру желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Танымал жылжымайтын мүлік сайттарының бірінде жарияланған хабарландыруда сатушы өзін нысанның иесі ретінде таныстырған. Онда елорданың Нұра ауданында орналасқан, еркін мақсаттағы жеке ғимараттың сатылатыны көрсетілген. Жалпы аумағы шамамен 15,8 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 800 шаршы метрі паркингке арналған. Сондай-ақ нысан маңында ашық автотұрақ бар екені және аумақты қоршауға мүмкіндік қарастырылғаны айтылған. Бағасы 17,5 млрд теңге деп көрсетілген.

Алайда көп ұзамай бұл хабарландыру сайттан алынып тасталды. 

Сауда орталығының сатылуына қатысты тараған ақпарат әлі тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, «Хан Шатыр» – Астананың сәулеттік символдарының бірі. Нысанның жобасын әйгілі британдық сәулетші Норман Фостер жетекшілік ететін архитектуралық бюро әзірлеген. Ғимарат ерекше шатыр пішінінде салынған, ал оның биіктігі шпилімен қоса есептегенде шамамен 150 метрге жетеді. Сауда-ойын-сауық орталығы 2010 жылы пайдалануға берілген. Ол әлемдегі ең ірі шатырлы құрылыстардың бірі саналады және халықаралық рейтингтерге еніп, Гиннестің рекордтар кітабына тіркелген.

Yorumlar
Diğer Haberler