Германияда ұшқыштар ереуілге шықты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1C6KhkZotteRt93yUWYnDwSZoeUoZebjRfpZCFXN.webp

Германиядағы Deutsche Lufthansa AG, Lufthansa Cargo AG және Lufthansa CityLine GmbH әуе компанияларының ұшқыштары ереуілге шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Наразылық акциясы бүгін, 13 сәуірде  жергілікті уақыт бойынша 00:01-де ( Астана уақытымен 03:01 - ред.) басталған. Оны Vereinigung Cockpit (VC) ұшқыштар кәсіподағы ұйымдастырып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, ереуіл 14 сәуірге дейін жалғаспақ.

«Ереуіл туралы хабар екі тәуліктен аз уақыт бұрын жарияланғандықтан, ол Франкфурт пен Мюнхеннен ұшатын рейстердің кемінде 80%-ына әсер етіп, 50 000-нан астам жолаушыны қиын жағдайда қалдыруы мүмкін»,–деп жазды шетелдік БАҚ. 

VC кәсіподағы даудың негізгі себебі Lufthansa компаниясының еңбекақы мен зейнетақы төлемдеріне қатысты бірқатар мәселені шешуге құлықсыздығы екенін мәлімдеді. Төраға Андреас Пиньейру ереуілді «сәтсіз аяқталған келіссөздерді құтқарудың соңғы амалы» деп атап, жауапкершілікті жұмыс берушіге жүктеді.

Айта кетейік, бұл – жыл басынан бері Lufthansa компаниясындағы ереуілдердің төртінші толқыны.

Yorumlar
Diğer Haberler