Павлодарда топырақ опырылып, екі адам қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IvLppVBq3eoimmUZB5lPGblrKR9BjXcxekb70HxP.jpg

13 сәуір күні Павлодар қаласында жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып түсті. Оқиға салдарынан бес адам үйінді астында қалып, олардың екеуі қаза тапты. Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Мәлімет бойынша, "112" пультіне оқиға туралы хабар 14:23-те түскен. Опырылған жердің тереңдігі шамамен 6 метр болған. Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жедел түрде жіберілді.

"Құтқарушылар жеткенге дейін кәсіпорын жұмысшылары бір адамды өз күштерімен шығарып алған. Кейін келген құтқарушылар үйінді астынан тағы екі зардап шегушіні алып шықты. Олардың барлығын ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан әрі олар жедел жәрдем бригадаларына тапсырылып, ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, құтқарушылар үйінді астынан екі адамның мәйітін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler