Полициядан қашқан байкерлер іздестіріліп жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы қаласында әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің мотоцикл жүргізушілерін қуған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кадрлардан бірнеше жүргізушінің патрульдік полицияның тоқтау туралы талабын елемей, қаланың көшелерімен жоғары жылдамдықпен қашып бара жатқаны байқалады. Желі қолданушыларының пікірінше, видеодағы жүргізушілер мопед емес, жолсыз жерде жүруге арналған мотоцикл айдап жүрген болуы мүмкін

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта аталған жүргізушілер анықталмаған, оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері құқық бұзушылар табылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады.

Yorumlar
Diğer Haberler