Қоғам назарын тудырған қамзол. Актриса Меруерт Өтекешева пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Am6mzCSOfRYZxuZZ3ZaQXj0vjKQMpKs60F38zTc5.jpg

Қазақ кино өнеріне қатысты дау тудырған қамзол мәселесіне орай танымал актриса Меруерт Өтекешева өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Актрисамен журналист Гүлбану Әбенова сұхбаттасқан. Оның айтуынша, қоғамда қызу талқыланып жатқан қамзол – түпнұсқа бұйым.

Актрисаның сөзінше, кезінде фильмге пайдаланылған көптеген реквизиттер мен костюмдер түрлі себептермен жан-жаққа тарап кеткен. Қазіргі таңда мұндай жәдігерлердің бір бөлігі жеке адамдардың қолында сақталып отыр. Ал музейде тек бір ғана нұсқа бар, бірақ оған да тиісті деңгейде күтім жасалмай отырғаны айтылды.

Меруерт Өтекешева бұл мәселеге қатысты пікірталастың тым ушығып кеткенін құптамайтынын жеткізді. Оның айтуынша, назар ең алдымен өзі сияқты өнер қайраткерлеріне аударылуы тиіс. Актриса аталған фильмге түскен әріптестерінің ішінде тірі қалған жалғыз өзі екенін атап өтті.

"Миллиардердің әйелі мерейтойын тойлап берем дегенге шамасы үміттеніп отырған сияқты әсер қалдырды. Осы жылдың ақпанында Меруерт ханым 75-ке толды. 

Денсаулық, ұзақ өмір тілейік, қазақ кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан актрисамызға.

Меніңше, мәдениет министрлігі бұл істі өз қолына алып, қазір біреулердің сандықтарында жатқан фильмнің барлық реквизиттері мен костюмдерін жинау жөнінде бастама көтеруі керек", - деп жазды журналист желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін қамзолдың Баян Мақсатқызының қолында қайдан жүргені туралы ақпарат тарап, қоғам назарын аудартқан.
Yorumlar
Diğer Haberler