Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден озды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aaNFdEneAO9Y5oQi7XiICXeODm5mpcwAg3u9Z355.jpg

Көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қайығылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді, деп хабарлайды "Адырна".

"Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын!" делінген министрлік хабарламасында.

Мұхтар Шаханов - қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлт руханиятына арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Шығармалары әлемнің 50-ден астам тілінде жарық көрді. 

Yorumlar
Diğer Haberler