Трамп Иранды ұзақ мерзімге бұғаттау жоспарын әзірлеуді тапсырды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8LD1VXVFXvpQfKDodoHMtbO8ivXQAIGYagzYhWs6.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ұзақ мерзімді блокадаға алу жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Соңғы күндері америкалық көшбасшы Иран астанасы Тегеранға экономикалық қысымды одан әрі күшейту идеясын қолдаған. Әңгіме ирандық кемелердің, соның ішінде мұнай танкерлерінің ел порттарынан шығуын шектеуі мүмкін шаралар туралы болып отыр.

Газет сұхбаттастары Вашингтонда блокаданы Иранға қайта соққы жасаумен немесе АҚШ-тың қақтығыстан толық шығуымен салыстырғанда тәуекелі аз нұсқа ретінде қарастырып жатқанын айтады.

WSJ мәліметінше, америкалық әкімшілік ішінде алдағы стратегия жөнінде ортақ ұстаным жоқ. Шенеуніктердің бір бөлігі Иранға қысымды күшейтуді қолдаса, енді біреулері мұның АҚШ экономикасының өзіне ықтимал салдары болуы мүмкін екенін ескертеді.

Басылым атап өткендей, ерекше алаңдаушылық Ормұз бұғазы маңындағы жағдайға байланысты болып отыр. Вашингтонда оның ұзақ уақытқа жабылуы немесе қарсыласудың жалғасуы инфляциялық қысымды күшейтіп, АҚШ-тағы аралық Конгресс сайлауы қарсаңында Республикалық партияның жағдайын қиындатуы мүмкін деп қауіптенеді.

Yorumlar
Diğer Haberler