УЕФА төрешісі қамауға алынды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/w81WFikQphMnWVpw3wi1GHFDGZZxNoigpQpPZKkT.jpg

Ұлыбританияда УЕФА төрешісі кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерге күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Telegraph-қа сілтеп.

Англия аумағында 30 жастағы УЕФА арбитрі қамауға алынған. Төреші жасөспірімге қатысты қалаусыз жанасу әрекеттерін жасап, оны қонақүй бөлмесіне шақырмақ болды деген күдікке ілінген. 

Полиция күдіктіні Англияда өткен еурокубок матчтарының бірінен кейін қонақүйге оралған сәтінде ұстаған. Қазіргі таңда ол кепілмен босатылып, тергеу амалдары жалғасуда.

Полиция мәліметінше, жасөспірімге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу толық аяқталғанға дейін істің мән-жайы жарияланбайды.

БАҚ дерегінше, аталған төреші бұған дейін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарына қызмет көрсетуге үміткерлердің бірі болған. Алайда қазір ол барлық жарыстардан уақытша шеттетілді.

Yorumlar
Diğer Haberler