Қосымша тексеру керек. Жылдар бойы жыр болған "Сұңқар" әлі ұшпады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Cl3eVgvL2Giu7HTvMc2h8uj47CnZLNmraiRab1Pg.jpg

«Сұңқар» зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы тағы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚазТАГ мәліметінше, ұшырылым Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында 29 сәуір күні Астана уақытымен 16:00-де жоспарланған. Алайда екінші сатыдағы тотықтырғыш багтарындағы қысымның төмендеуіне байланысты кейінге қалдырылған.

Кейін ұшырылым 30 сәуір сағат 16:00-ге ауыстырылғанымен, қосымша тексерістер жүргізу қажеттілігіне байланысты бұл мерзім де тағы өзгертілді. Мамандар старттық кешен жабдықтары мен зымыран жүйелерін толық тексеруден өткізуде.

Айта кетейік, бастапқыда "Сұңқар" зымыраны 27 наурызда ұшырылуы тиіс болған. Алайда техникалық себептерге байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылған. 31 наурызда зымыран пайдалы жүктеменің макетімен бірге монтаждау-сынақ корпусынан теміржол арқылы шығарылып, 45-алаңдағы ұшыру құрылғысына тік күйде орнатылған.

29 сәуір күні Байқоңырда сағат 16.00-ге жоспарланған «Сұңқар» зымыранының ұшырылымы тоқтатылған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler