Таразда жүргізушілерден қайыр сұраған баланың анасына айыппұл салынды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ycQycYWFCWp2DcDMH92sl3Ig0Cq6lUzjbLrsGa43.jpg

Жамбыл облысында ұлының қайыршылықпен айналысқаны үшін анасы жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды "Адырна".

Сотпен анықталғандай, полиция азаматшаның кәмелетке толмаған ұлын Тараз қаласында бағдаршамда жүргізушілерден қайыр сұрап, қайыршылықпен айналысып жүргенінде ұстаған. Баланың 16 жасқа толмауына байланысты хаттама оның анасына толтырылды.

Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адам кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл сомасын 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі бойынша жасөспірімнің анасы кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler