Иесіз жануарлар мәселесі жергілікті органдар құзыретіне берілді – депутат

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dWtiOXMLOKvxwh3IxRJxGy1yJds3KSw0deKVnllx.jpg

Мәжілісте жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне қатысты заң жобасына Сенат енгізген түзетулер қаралды. Депутат Ерболат Сатыбалды жекелеген баптар туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Сенат ұсынған өзгерістердің негізінен нақтылаушы сипатта екенін атап өтті. Айтуынша, құжаттағы негізгі заңнамалық тұжырымдама өзгеріссіз сақталған.

«Иесіз жануарлардың санын реттеу мәселелері, оның ішінде тәртібі мен мерзімдері жергілікті өкілді органдардың құзыретіне беріліп, «иесіз жануарлар» ұғымын нақтыланды. Сондай-ақ жануарларды жансыздандыру туралы шешімді ветеринариялық қорытынды негізінде қабылдау нормасы толықтырылды және өзге де түзетулер енгізілді»,-деді Мәжіліс депутаты.

Ерболат Сатыбалды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және үй жануарларына қатыгездікке жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын да еске салды. Оның айтуынша, президент тапсырмасын орындау аясында жануарларды есепке алу жүйесін нақтылау қажет. Осы ретте жануарларды чиптеу мен тіркеу иелік құқығын анықтаудың негізгі тетігі болуы тиіс екені айтылды.

«Қарапайым тілмен айтқанда, егер жануар есепке алынбаса , оның иесін анықтау мүмкін емес, ал иесі анықталмаса, жауапкершілік те болмайды»,- деді ол.

 

Yorumlar
Diğer Haberler