Жаңа вирусты жұқтырған науқас анықталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6PAYfAsn6IFPtzLlH2COqQ98aB8DItUSHgWenjQS.jpg

Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, вирус Нидерландтың MV Hondius круиздік лайнерінде болған Франция азаматынан анықталған. Әйел кеше елге оралғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап, ПТР-тест нәтижесі оң шыққан.

Қазіргі уақытта науқас жұқпалы ауруларға маманданған ауруханаға жатқызылған.

Франция билігі әйелмен байланыста болған 22 адамды анықтап, бақылауға алған. Үкімет өкілдері індеттің таралуына жол бермеу үшін қатаң қауіпсіздік шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар билік тұрғындарды дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды.

Yorumlar
Diğer Haberler