Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия отырысы

142
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ccBVdZC2greLgl6ahweOoIghlWCFOQEbU2KOJIa2.jpg

 2026 жылғы 14 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары А. Ғ. Майлыбаевтың төрағалығымен  Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат  жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде әйелдер жұмыссыздығын төмендету, отбасы институтын нығайту және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыру сияқты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар мәселелер қаралды.  Облыс әкімінің орынбасары Ғ.А. Майлыбаев:  «Облыста халықтың жартысынан астамын әйелдер екенін ескерсек, бұл еңбек әлеуетінің негізгі бөлігі. Сондықтан әйелдердің экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамтылуы – тек әлеуметтік мәселе ғана емес, өңір дамуының стратегиялық факторы. Бұл бағытта біз тек сандық көрсеткішке емес, әйелдердің тұрақты әрі сапалы жұмыспен қамтылуына басымдық беруіміз қажет. Себебі «Бақытты ана - бақытты  бала» - деді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Байқоныс әйелдерді тұрақты жұмыспен қамту және қайта даярлау шаралары туралы, Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Медғат Қабдықаиров Аналар кеңесінің атқарған жұмыстарына тоқталып, мемлекеттік әлеуметті тапсырыс шеңберінде атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Балқаш және Талғар аудандары әкімдерінің орынбасарлары жергілікті жерлерде әйелдердің рөлін ілгерілету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Комиссияның қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың жоспары жасалып, қатысушыларға нақты тапсырмалар берілді, қабылданған шешімдер хаттамамен   бекітілді.

Yorumlar
Diğer Haberler