Танымал продюсер концертінің өтпеу себебін түсіндірді

170
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2qv9P1rs3QUaW2P1befWcbS6merNCIX1MOlBw2c0.webp

Танымал продюсер әрі әнші Болманов өтуі тиіс концерттің кейінге шегерілу себебін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында арнайы мәлімдеме жариялап, шешім денсаулық жағдайына байланысты қабылданғанын айтты.

Әншінің айтуынша, Республика сарайында өтуі тиіс концертке шамамен 3,5 мың көрермен билет сатып алған. Соған қарамастан дәрігерлер оған сахнаға шығуға рұқсат бермеген.

Қыдырәлі Болманов ұйымдастырушылар концертті тоқтатпай, оны креслоға отырғызып қойып өткізу туралы ұсыныс жасағанын жеткізді. Алайда өнер иесі мұндай форматта көрермен алдына шығу өзіне ауыр болғанын айтты.

«Өмір бойы шапқылап, екі аяғымен жүрген адамға креслода отырып, қозғалмай сахнада ел алдында ән айту өте ыңғайсыз, тым күрделі әрі қиын екен. Ең басты себеп – дәрігерлерімнің рұқсат етпеуі», – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші Республика сарайының концерттік кестесі тығыз болғандықтан, кешті жақын күндерге ауыстыру мүмкін болмағанын атап өтті. Осыған байланысты мерейтойлық концерт 18 маусымға шегерілді.

Өнер иесі жанкүйерлеріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, сахнаға бұрынғыдан да тың күшпен оралатынын жеткізді.

Yorumlar
Diğer Haberler