Астана соты «Газпромнан» $1,4 млрд өндіруге рұқсат берді

62
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

"Нафтогаз" Қазақстан аумағында ресейлік "Газпром" компаниясынан шамамен $1,4 млрд өндіруге рұқсат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Тиісті шешімді Астана халықаралық қаржы орталығының соты қабылдаған. Компания мәліметінше, АХҚО соты халықаралық арбитраж шешімін танып, оны Қазақстан аумағында орындауға рұқсат берген. 

Сергей Корецкий бұл шешімді «Газпромнан» қаражат өндіріп алу жолындағы маңызды қадам деп атады.

«Қазақстандағы сот шешімі – бұл «Газпромнан» қаражат өндіріп алу процесіндегі тағы бір практикалық нәтиже. Біз әртүрлі юрисдикцияларда арбитраждық шешімді орындау бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз», – деді ол.

«Нафтогаздың» түсіндіруінше, 2019 жылғы келісім бойынша компания 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Украина аумағы арқылы ресейлік газ транзитін ұйымдастыруға міндетті болған. Алайда 2022 жылдың мамырында ресейлік оккупациялық күштердің әрекеті салдарынан «Сохрановка» газ қабылдау нүктесі арқылы транзит тоқтаған. Соған қарамастан, украин тарапы «Суджа» нүктесі арқылы газ тасымалдау қызметін жалғастырған.

Компанияның айтуынша, "Газпром" келісімшарттағы міндеттемелерін толық орындамай, көрсетілген қызмет үшін төлем жасаудан бас тартқан. Осыған байланысты 2022 жылдың қыркүйегінде "Нафтогаз" Халықаралық сауда палатасы регламентіне сәйкес Швейцарияда арбитраждық талқылауды бастаған.

2025 жылдың маусымында арбитраждық трибунал «Газпромды» келісім міндеттемелерін орындамағаны үшін толық жауапты деп танып, қарызды, пайыздарды және арбитраж шығындарын төлеуге міндеттеген.

Бүгінде «Нафтогаз» түрлі елдердегі юрисдикциялар арқылы «Газпромның» активтерін өндіріп алу бойынша халықаралық жұмысты жалғастырып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler