Дәмханадағы жанжал атыспен аяқталды. Даяршы жарақат алды

407
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QfjwqlMU7zv5tTmjznGqjaHh17awMSVJoDgN2khp.jpg

Балқаш қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жанжал атыспен аяқталып, мекеме қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 21 мамырда болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, таныстар арасында ауызша кикілжің туындап, ол кейін травматикалық қару қолданылған төбелеске ұласқан. Атыс салдарынан мекеме даяршысы жарақат алған. Әзірге  оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,– делінген хабарламада.

Yorumlar
Diğer Haberler