Шетелде бірнеше рет жол ережесін бұзған қазақстандыққа ескерту берілді

94
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kzTEA5g0sT8d6Ry1m0BEDKdNs2oq2ivp544CQX3u.webp

Беларусь Республикасының ішкі істер министрлігі жол ережесін бұзған қазақстандыққа ескерту жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengri Auto-ға сілтеп.

Минск қаласында жол қозғалысы ережелерін бірнеше мәрте бұзған Қазақстан азаматына ресми ескерту жасады. Ведомствоның мәліметінше, 32 жастағы әйел бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазақстандық нөмірлі Mercedes-Benz G-Class көлігі алдымен Минск қаласының тарихи орталығындағы тротуарға қойылғаны үшін сынға ұшыраған. Кейін көліктің сауда орталықтарының бірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрақ орнына заңсыз қойылғаны анықталған.

Құқық қорғау органдары бейнебақылау жазбаларын зерттеу барысында тағы бір заңбұзушылық дерегін тіркеді. Атап айтқанда, жүргізуші екі жасар баланы арнайы балалар орындығынсыз алдыңғы жолаушылар орнында тасымалдаған.

Беларусь ІІМ мәліметінше, шетелдік азаматтың әрекеттері ел заңнамасын бірнеше рет бұзу фактілерін қамтиды. Осыған байланысты әйел азаматтық және көші-қон бөлімшесіне шақыртылып, құқық бұзушылықтар қайталанған жағдайда елден шығарылуы мүмкін екені жөнінде ресми түрде ескертілді.

Сонымен қатар ведомство оның асырауында төрт кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, әзірге қатаң шара қолданбауға шешім қабылдағанын хабарлады .

Yorumlar
Diğer Haberler