Ақтөбеде жоқ жер телімдерін сатқан ер адам ұсталды

135
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Ақтөбеде ер адам бірнеше азаматқа жоқ жер телімдерін сатқан. Полицияға Мәртөк ауданының тұрғыны арызбен жүгініп, белгісіз ер адамның облыс орталығынан жер телімін төмен бағамен сатып беруге уәде етіп, ақшасын иемденіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 37 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында күдіктінің меншігінде жер телімдері болмағанына және оларды сатуға құқығы жоқ екеніне қарамастан, азаматтарға тиімді бағамен жер телімдерін сататынын айтып, олардың сеніміне кіргені анықталды. Ақшаны алғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған", - деді Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 5 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша “Алаяқтық” бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Yorumlar
Diğer Haberler