Түркістанда жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынады

90
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tA3dMF1KFN11Nq1odQIUlh1DRIqYmAKYJSynbOdp.webp

Түркістан облысының Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған және жоғары технологиялық мал сою алаңымен жабдықталатын ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталды.

Жобаның инвесторы – «BEK-AGRO» шаруа қожалығы. Инвестицияның жалпы көлемі – 3,5 млрд теңге.

Жоба аясында бір мезетте 10 мың басқа дейін ірі қара малды ұстап, бордақылауға мүмкіндік беретін заманауи өндірістік кешен салу көзделген. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет өнімін өндіруге жетеді.

Өндірілетін өнім ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етумен қатар, экспорттық жеткізілімдерді дамытуға да бағытталатын болады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы және нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Бұл ел экономикасына инвестиция тартуға, қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға және мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Yorumlar
Diğer Haberler