Ел президенті премьерге Ыстықкөл жағасында дәстүрлерін таныстырды

87
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yemojg1zyXI04pMDjSakmdVibkkm811YFyNtTEwx.jpg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге ресми сапары аясында қырғыз халқының этномәдени мұрасын таныстырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Іс-шара 13 маусым күні Ыстықкөл облысының Бостери ауылындағы «Nomad» этнокешенінде өтті. Қонақтарды дабыл аспаптарының үнімен этнографиялық қойылымға қатысушылар қарсы алып, қырғыз халқының салт-дәстүрі, аңшылық өнері мен жауынгерлік мұрасын паш етті. Сонымен қатар ақын-импровизатор арнайы құттықтау арнап, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мемлекет басшылары кейін киіз үйлер қалашығын аралап, қырғыз халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін көрмелермен танысты. Оларға қомыз жасау үдерісі, ұлттық музыкалық аспаптар, киізден бұйым дайындау, күміс әшекейлер соғу, қыш ыдыс жасау және ұсталық өнер көрсетілді. Бағдарлама барысында манасшы «Манас» эпосынан үзінді орындап, қонақтарға қырғыздың ауыз әдебиеті мұрасын таныстырды.

Этномәдени шараның соңында Садыр Жапаров пен Ираклий Кобахидзеге бүркітпен аң аулау өнері, қыз қуу, жігіттердің ат үстіндегі шеберлік өнері, садақ ату және каскадер шабандоздардың шеруі сияқты ұлттық ат спорты ойындары көрсетілді.

Yorumlar
Diğer Haberler